Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Көктал» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын жекешелендіру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 ақпандағы № 160 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
3-тармақты қоспағанда, ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 16 қаңтардағы № 27 Қаулысына сәйкес күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Көктал» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы қабылдансын.