«Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 227-НҚ бұйрығы (2018.04.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 227-НҚ бұйрығы

(2018.04.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.04.05. № 174 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.04.05. № 174 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.04.05. № 174 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. «Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық таратушы құбырлары арқылы тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 284-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3908 нөмірмен тіркелген «Ресми газетте» 2005 жылғы 26 қарашада № 49 нөмірінде жарияланған) күші жойылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.