(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2012.28.12 № 4/1097 ҚАУ...

Алматы қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 4/1097 қаулысымен бекітілді

 

Осы редакция 2013 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

мемлекеттік қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы мемлекеттік қызмет Регламенті Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет Стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.

2. Мемлекеттік қызмет мекенжайлары осы Регламенттің 1 және 2 қосымшаларында көрсетілген Алматы қаласының білім беру ұйымдарымен көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңының 4-бабының 9) тармақшасына сәйкес көрсетіледі.

5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

 

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпаратты мекенжайлары осы Регламенттің 1 және 2 қосымшаларында көрсетілген білім беру ұйымдарынан және Алматы қаласы Білім басқармасының ресми сайтынан www.dep.edu.almaty.kz алуға болады.

9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін көрсетіледі.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.