(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2012.28.12 № 4/1097 ҚАУ...

Алматы қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 4/1097 қаулысымен бекітілді

 

Осы редакция 2013 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулi
балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»
мемлекеттік қызмет регламенті

 

 

1. Негізгі ұғымдар

 

1. Осы «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік қызмет - мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған (мемлекеттік органдарды қоспағанда), жеке сипаттағы және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтінішімен (мемлекеттік органдарды қоспағанда) жүзеге асырылатын қызметтерін іске асыру нысандарының бірі болып табылатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және басқа да жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша жүзеге асырылатын қызметтері;

2) ПМПК - психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес;

3) мемлекеттік қызметті алушылар - мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлғалар;

4) уәкілетті орган - білім беру саласындағы атқарушы орган.

 

 

2. Жалпы ережелер

 

2. Осы мемлекеттік қызмет Регламенті Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленді.

3. Мемлекеттік қызмет мекенжайлары осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген Алматы қаласының арнайы білім беру ұйымдарымен көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.