(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2012.28.12 № 4/1097 ҚАУ...

Алматы қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 4/1097 қаулысымен бекітілді

 

Осы редакция 2013 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

мемлекеттік қызмет регламентi

 

 

1. Негізгі ұғымдар

 

1. Осы «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік қызмет - мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған (мемлекеттік органдарды қоспағанда), жеке сипаттағы және жеке және заңды тұлғалардың өтінішімен (мемлекеттік органдарды қоспағанда) жүзеге асырылатын қызметтерін іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және басқа да жеке және заңды тұлғалардың қызметтері;

2) мемлекеттік қызметті алушылар - мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлғалар;

3) мектепке дейінгі ұйым (бұдан әрі - МДҰ) - отбасының балаларды күтуге деген сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру, жалпы мәдениет, ұлттық құндылықтар негізінде оларды үйлесімді дамыту, баланы жалпы орта білім берудің бастапқы сатысына дайындау, өздерінің жұмысы мен оқуын жалғастыру, қоғамдық өмірге белсене қатысуы үшін ата-аналарға қажетті жағдай жасау мақсатында құрылатын білім беру ұйымы;

4) уәкілетті орган - білім беру саласындағы атқарушы орган.

 

 

2. Жалпы ережелер

 

2. Осы мемлекеттік қызмет Регламенті Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленді.

3. Мемлекеттік қызмет жергілікті атқарушы органдар анықтайтын мемлекеттік білім беру тапсырыс есебінен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасын жүзеге асыратын, мекенжайлары осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.