(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2012.28.12 № 4/1097 ҚАУ...

Алматы қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 4/1097 қаулысымен бекітілді

 

Осы редакция 2013 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік қызмет регламенті

 

 

1. Негізгі ұғымдар

 

1. Осы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік қызмет - мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған (мемлекеттік органдарды қоспағанда), жеке сипаттағы және жеке және заңды тұлғалардың өтінішімен (мемлекеттік органдарды қоспағанда) жүзеге асырылатын қызметтерін іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және басқа да жеке және заңды тұлғалардың қызметтері;

2) мемлекеттік қызметті алушылар - мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлғалар;

3) уәкілетті орган - мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (мемлекеттік мекеме);

4) жалпы білім беретін мектеп - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламасын, сондай-ақ оқушы мен тәрбиеленушіге қосымша білім бағдарламасын іске асырушы оқу орны;

5) бастауыш білім - баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.