Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 1146 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 24 тамыздағы № 477 Қаулысымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 қазандағы
№ 1146 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі
қағидалары
1. Осы Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары қабылдаған нормативтік құқықтық актілер бойынша олардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі тәртібін айқындайды.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді.
4. Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу және жүйелендіру заңнаманың қолжетімділігін, оны пайдалану ыңғайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.