Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Индонезия Республикасының Білім және мәдениет министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумы (Жоба) (2013 жылғы 29 тамызда)

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Индонезия Республикасының
Білім және мәдениет министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы өзара түсіністік туралы
меморандумы

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 212 бұйрығымен мақұлданды

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Индонезия Республикасының Білім және мәдениет министрлігі, бұдан әрі «Тараптар» деп аталып,

Екі ел арасындағы мәдениет саласындағы тығыз ынтымақтастықты және достық қарым-қатынасты дамытуға ұмтыла отырып;

Екі ел арасындағы ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды көтермелеп және тереңдетудің қажеттілігін сезіне отырып;

2012 жылғы 13 сәуірде Джакарта қаласында жасалған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Индонезия Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы екіжақты ынтымақтастық ниеті туралы хаттаманы басшылыққа ала отырып.

Екі мемлекет арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге ниет білдіре отыр.

1. Өзара түсіністік Меморандумының мақсаттары:

1.1.Тараптар арасында қарым-қатынасты нығайту мақсатында мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық бойынша жәрдем ету;

1.2. Мәдениет және өнер саласында дамытуға жәрдем ету.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.