Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығы
Осы редакция 2013 жылғы 25 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес өткізілетін іс-шараларды реттеу және деңгейін арттыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | М. Құл-Мұхаммед |
Мәдениет министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 56 бұйрығымен бекітілген
Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің
үлгілік қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы (бұдан әрі - Үлгілік қағида) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) ұйымдастыратын республикалық конкурстар мен фестивальдердің (бұдан әрі - конкурстар мен (немесе) фестивальдер) өткізу тәртібін белгілейді.