«Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 55-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 756 бұйрығы

«Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 55-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 756 бұйрығы

 

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 2-тармағына және 42-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 55-1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2729 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз портының капитаны туралы ереженің:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Теңіз портының капитаны лауазымына арнаулы жоғары білімі, капитан дипломы және сауда мақсатында теңізде жүзу саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.»;

8-тармағының 1)тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) кеменің теңіз портынан шығуына мына жағдайларда:

кеменің сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі жағдайында;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.