Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қазандағы № 1262 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 156 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер» деген 18-бөлімде:
реттік нөмірлері 480, 491-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
»;
2) «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1262 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;