«Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің м.а. 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 бұйрығына өзгерістер бойынша
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 344 бұйрығы
ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 Бұйрығымен күші жойылды
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 бұйрығына (нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5306 тіркелді; «Заң газеті» газеті 2008 жылғы 16 қазан, № 158 (1384), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2008 ж., № 10) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын беру ережесінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) спорттық атақтар:
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағы;
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері;
Қазақстан Республикасының спорт шебері.»;
9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: