(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2012.28.04 № 168 ҚАУЛЫСЫ

Өтініш берушінің (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 168 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар үшін өтініш берушіге (лицензиатқа) жарғылық капиталының ең аз мөлшері белгіленсін:

1) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 800 000 еселік мөлшерінде - зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;

2) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 400 000 еселік мөлшерінде - номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға;

3) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 400 000 еселік мөлшерінде - клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға;

4) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 300 000 еселік мөлшерінде - инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;

5) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 400 000 еселік мөлшерінде - номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті қоса атқару;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.