«Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы (2021.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы

(2021.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен күші жойылды

 

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 44-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Халықаралық мектептер қызметінің үлгілік қағидалары;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Біріктірілген білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

А. Сәрінжіпов

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 17 қыркүйектегі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.