«Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 8 қазандағы № 469 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 290 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 122-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2010 жылы № 2, 368-құжат жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесінде:
7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын күнделікті есепке алу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға электрондық тасығыштарда тиісті жергілікті бюджет бойынша жиынтықта 5-34А «Ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» нысанын ұсынады.»;
8-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының толық жазылуы (ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ, нысаналық қаржыландыру, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) кеден одағының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын, жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ, соманы анықтауға дейінгі шотты есепке алуға арналған);»;
10-тармақтың сегізінші және тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: