Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 22 өкімі
(2023.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2014.18.09. № 14 өкімімен (бұр.ред.қара); 2019.27.06. № 18 өкімімен (бұр.ред.қара); 2023.11.05. № 7 бұйрығымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 185-бабы, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 144-бабы, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-11-бабы, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабын іске асыру мақсатында:
1. Қоса берілген Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы өкім оның бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енеді.