1992 жылғы 14 ақпандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының электр энергетикасы саласындағы
мемлекетаралық қатынастарын үйлестіру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
хаттама
(Санкт-Петербург, 2013 жылғы 20 қарашада)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 19 қарашадағы № 1245 Қаулысымен мақұлданды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 1992 жылғы 14 ақпандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарын үйлестіру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
төмендегілер туралы келісті:
1. 1992 жылғы 14 ақпандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарын үйлестіру туралы келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-бапта:
бірінші абзацтағы «ТМД-ның үкіметаралық органы» деген сөздер «ТМД-ның салалық ынтымақтастық органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр энергетикалық кеңестің құрамына осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің тиісті мемлекеттік билік органдары мен ұлттық электр энергетикалық компанияларының басшылары кіреді, мемлекеттер оларға тиісті уәкілеттіктер береді.»;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Электр энергетикалық кеңес өз қызметін осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес осы Келісімнің және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Электр энергетикалық кеңесі туралы ереженің негізінде жүзеге асырады.»;
2-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Электр энергетикалық кеңестің негізгі функциялары».
2.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2.2. Осы Келісімге қатысушы мемлекеттерге ортақ электр энергетикалық нарық құруға жәрдемдесу.»;
2.7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2.7. Электр энергиясын мемлекетаралық жеткізу саласында тарифтік саясат жүргізу жөніндегі ұсынымдарды дайындау.»;
2.13-тармақта «дәстүрлі емес» деген сөздер «жаңартылатын» деген сөзбен ауыстырылсын;
2.16-тармақта «еуропалық және әлемдік энергетикалық қоғамдастықтар шеңберінде» деген сөздер «энергетикалық қоғамдастықтар шеңберінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2.17 және 2.18-тармақтармен толықтырылсын: