Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуы және ынтымақтастығы жөніндегі кеңес туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 651 бұйрығы
(2016.30.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы орынбасарының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 32-7.13 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, ішкі істер органдарының үкіметтік емес сектормен ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуы және ынтымақтастығы жөніндегі кеңес туралы ереже осы бұрыққа1-қосымшаға сәйкес бекітілсін;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуы және ынтымақтастығы жөніндегі кеңестің құрамы осы бұрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
ҚР Ішкі істер министрінің 2014.18.11. № 827 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
3. Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 592 бұйрығының күші жойылсын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 13 қарашадағы № 651 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің үкіметтік емес
ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуы және ынтымақтастығы жөніндегі кеңес туралы
ереже
1. Жалпы ереже