«Орталық сараптау-тексеру Комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттардың сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 242 бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 119-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес бұйырамын:
1. «Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттардың сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7343 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 20 қазандағы № 689-693 (27765) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: