«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 152-V Заңы (2016.30.11. берілген өзгерістермен толықтырулармен)

Предыдущая страница

«

»;

2) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін акциздердің мынадай мөлшерлемелері қолданылады деп белгіленсін:

«

»;

9-бап.

1. Осы Заң:

1) 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 7-тармағын;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтарын, 26) тармақшасын, 27) тармақшасының төртінші абзацын, 38) тармақшасының екінші абзацын, 40), 49) тармақшаларын, 63) тармақшасының екінші - төртінші абзацтарын, 76) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтарын, 81) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 82), 83), 85), 89), 90), 96) тармақшаларын, 102) тармақшасының үшінші - бесінші абзацтарын, 103) тармақшасын, 109) тармақшасының үшінші абзацын, 12-тармағының 2) тармақшасын;

3) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 86), 91), 106) тармақшаларын;

4) 2011 жылғы 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 11-тармағы 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын;

5) 2011 жылғы 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 14-тармағын;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 27) тармақшасының үшінші абзацын, 29), 30), 31), 34), 35), 36) тармақшаларын, 38) тармақшасының үшінші абзацын, 108) тармақшасын, 109) тармақшасының бірінші, екінші, төртінші - алтыншы абзацтарын;

7) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын, 3) тармақшасының үшінші - жиырма бірінші абзацтарын, 12), 13), 14), 47), 51), 52) тармақшаларын, 56) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 73) тармақшасын, 74) тармақшасының тоғызыншы - он бірінші абзацтарын, 97) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 102) тармақшасының екінші абзацын, 105) тармақшасын, 17-тармағы 1) тармақшасының үшінші - тоғызыншы абзацтарын;

8) 2013 жылғы 3 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 48) тармақшасын;

9) 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 1-тармағы 16) тармақшасының бесінші абзацын, 17), 18), 19) тармақшаларын, 20) тармақшасының үшінші абзацын, 75), 79) тармақшаларын, 124) тармақшасының алтыншы абзацын, 132) тармақшасын, 8-тармағын, 18-тармағы 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын;

10) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 16) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 20) тармақшасының төртінші абзацын, 74) тармақшасының сегізінші абзацын, 124) тармақшасының екінші, үшінші, жетінші, оныншы абзацтарын;

11) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 8), 9), 127) тармақшаларын;

12) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 60) тармақшасын қоспағанда, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 136) тармақшасының төртінші абзацы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

Осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 136) тармақшасының бесінші абзацы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

Осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының қырық екінші және қырық үшінші абзацтары 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2013 жылғы желтоқсанның 5-і.

№ 152-V