«Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 830 бұйрығы
Азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін халықаралық азаматтық авиация ұйымы ИКАО-ның құжаттарына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде) № 6690 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шетел азаматына шетел мемлекеті берген азаматтық авиацияның авиация персоналының куәлігі мынадай талаптар сақталған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы жарамды деп таниды:
1) үміткер Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымына жұмысқа шақырылса (көшірмесі);
2) үміткер мынадай құжаттарды ұсынады:
жеке басын куәландыратын құжат (төлқұжат);
азаматтық авиация персоналының авиациялық куәлігі (көшірмесі);
медициналық қорытынды (ұшу және диспетчерлік құрам үшін - көшірмесі);
кейінгі кезеңде біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы құжаттың көшірмесі (LPC/OPC skill test up grade ұшу құрамы үшін);
ұшу кітапшасынан ұшу сағаттары туралы жазба бөлімінен соңғы үш бет (көшірмесі);