2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 5С-8-2 шешімі
(2013.26.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы Заңы негізінде, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ақмола облыстық мәслихатының 2013.13.02. № 5С-10-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2013.11.04. № 5С-12-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2013.20.06. № 5С-14-4 шешімімен (бұр.ред.қара); 2013.06.07. № 5С-15-6 шешімімен (бұр.ред.қара); 2013.17.09. № 5С-17-2 шешімімен (2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.26.11. № 5С-18-2 шешімімен (2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 122 300 820,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 13 373 698,7 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 877 780,2 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 1 726,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 108 047 615,6 мың теңге;
2) шығындар - 123 515 278,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 1 754 039,8 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 2 365 386,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 611 346,2 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - -818,0 мың теңге, оның ішінде:
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 818,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицит) - -2 967 679,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 2 967 679,4 мың теңге.