(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2005 Ж. 30 ҚАРАШАДАҒЫ...

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің «Қазақстан Республикасының  азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдік азаматтарды есепке алу жөніндегі ережені бекіту туралы» 1999 жылғы 17 маусымдағы № 655 және «Шетелдіктердің асырап алуына берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды есепке алу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2003 жылғы 11 сәуірдегі № 08-1/31 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 30 қарашадағы № 08-1/363 бұйрығы

 

Осы редакция 2012 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдік азаматтарды есепке алу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 655 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 893 болып тіркелген) бұйрығында:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдік азаматтарды есепке алу жөніндегі ережеде:

мәтіндегі «дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері», «дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер», «дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері» деген сөздер «шет елдердегі мекемелері», «шет елдердегі мекемелер», «шет елдердегі мекемелері», «шет елдердегі мекемелер» деген сөздермен ауыстырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.