Кеден одағы туралы келісімге қатысушы мемлекеттерге әкелiнетiн тауарларға қатысты техникалық, медициналық, фармацевтiк, санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық және экологиялық стандарттарды, нормаларды, ережелердi және талаптарды қолданудың бiрыңғай тәртібі туралы хаттама (Москва қ., 1999 ж. 28 қаңтарда) (күші жойылды)

Предыдущая страница

 

Қышқылдар.

 

1. Сiркелiк ағаш-химиялық тамақтық қышқылы.

 

Ыдыс.

 

1. Сүт өнiмдерiне арналған металл флягтар.

2. Көкөнiстер мен жемiстерге арналған көп айналымды полимер жәшiктер.

3. Нан өнiмдерiне арналған көп айналымды пластмасса жәшiктер.

4. Ет және сүт өнеркәсiбiне арналған көп айналымды полимер жәшiктер.

5. Балмұздаққа арналған кеңiрдектелген картоннан жасалған жәшiктер.

6. Тәттiдәм өнiмдерiне арналған кеңiрдектелген картоннан жасалған жәшiктер.

7. Ет және сүт өнеркәсiбi өнiмдерiне арналған кеңiрдектелген картоннан жасалған жәшiктер.

8. Өнеркәсiптiк және шаруашылық мақсаттағы тамақ өнiмдерiне арналған шыны ыдыс (банкi, бөтелке).

9. Сүрлемелерге арналған металл банкiлер.

10. Тамақ өнiмдерiне, сiрiңке, темекi өнiмдерi мен жуғыш құралдарға арналған кеңiрдектелген картоннан жасалған жәшiктер.

11. Шыны ыдыстарға арналған тығындайтын полимерлi қақпақтар.

12. Шарап материалдарын, шырындарды, сусындарды және басқаларын тығындауға арналған тығындайтын тығындар.

 

Жабдықтар.

 

1. Автоматты буып-түйгiштер - тамақ, ет-сүт және балық өнеркәсiбi үшiн таңғыштар.

2. Буып-түйетiн - таңатын:

а) қант және крахмалды - сiрнелi өнеркәсiп;

б) нан пiсiретiн, макарон және тәттiдәм өнеркәсiбi;

в) шарап жасайтын, спирт және ликер-арақ өнеркәсiбi;

г) сүрлеме және қойылтпа тамақ өнеркәсiбi;

д) май өнеркәсiбi;

е) шай, темекi, тұздалған және ферменттi өнеркәсiп;

ж) сыра қайнататын, алкогольдi және ашытқы өнеркәсiбi;

з) ет және құс өңдейтiн өнеркәсiп;

и) сүт өнеркәсiбi;

к) балық өңдейтiн;

л) сүт өнеркәсiбi үшiн технологиялық жабдық;

м) ұн және жарма үшiн жабдықтар.

3. Тоңазытқыш шкафтары.

4. Тоңазытқыш камералары.

5. Жаймалар, тоңазытқышты, жайма-витриналар.

6. Тоңазытқышты витриналар.

7. Бумен және электрмен қыздыратын тамақ пiсiретiн қазандықтар.

8. Электрмен қыздыратын ас үй плиталары.

9. Тамақ пiсiретiн және қуырып жылытатын аппараттар.

10. Электрмен қыздыратын аударылатын табалар, тұтқалы табалар және фритюрницалар.

11. Үздіксiз әрекеттегi қайнатқыштар.

12. Су қыздырғыштар. Термостаттар.

13. Мармиттер.

14. Бумен пiсiретiн аппараттар.

15. Жылытып ерiтетiн, желдетiлетiн, жылжымалы шкафтар.

16. Былғап, араластыратын машиналар.

17. Тамақ тарататын жабдықтар.

18. Көкөнiс пен жемiстi буып-түйiп, таңуға арналған жабдықтар.

19. Сауда кәсiпорнына арналған буып-түйiп, таңуға арналған жабдықтар.

20. Электрлi май шайқағыштар.

21. Көкөнiс кескiштер, турағыштар, ысқылағыштар, сүртетiн машинкалар мен тетiктер:

а) шайқағыштар, миксерлер, балмұздақ ыдыстары;

б) картоп аршығыштар;

в) көкөнiс кескiштер;

г) нан кескiштер;

д) шұжық кескiштер, iрiмшiк кескiштер;

е) жемiс, қияр, алжұмыр және басқаларын бөлек-бөлек кесуге арналған машинкалар;

ж) қамырдан және тұтқыр массадан өнiмдердi қалыптау үшiн тетiктер;

з) сүрлеме банкiлерi мен бөтелкелердi ашу және қайтадан жабу үшiн тетiктер;

и) пияз, сарымсақ, көк шөптердi кесуге арналған машинкалар мен тетiктер;

к) кеспе кескiштер;

л) жұмыртқа кескiштер;

м) кофе ұнтағыштар;

н) кептiрiлген нан, жаңғақ және сарымсақты ұсақтау мен ысуға арналған машинкалар;

о) пельмен, вареник, печенье қалыптауға, креммен өнiмдердi өңдеуге арналған тетіктер;

п) картоп пен көкөнiстi жууға арналған машинкалар;

р) ыдыс жуғыш машиналар;

с) пышақ қайрауға, асхана приборлары мен ас үй керек-жарағын өңдеуге арналған тетiктер;

т) кептiргіш машиналар.

 

Ас үй керек-жарақтары.

 

1. Үйде сүрлеме жасауға арналған жабатын машинкалар.

2. Сығымдағыштар, шырын сығушылар, шырын алуға арналған басқа да тетiктер.

3. Ас үйлiк қолмен кескiштер мен тазалағыштар.

4. Үйде сүрлеме жасауға, өзге де өнiмдi ажырату мен өңдеуге арналған тетiктердiң жинақтары.

5. Тәттiдәм шприцтерi.

6. Былғауыштар, араластырғыштар.

7. Қолмен турағыштар.

 

Қағаз.

 

Автоматтардағы тамақ өнiмдерiн таңуға арналған қағаз.

 

Картон.

 

1. Тамақ сұйықтарына арналған сүзіп алатын картон.

 

Темекi және темекiнi өнеркәсiптiк ауыстырғыштар.

 

1. Темекi және сигарет шикiзаты.

2. Сигареттер (кесiлетiн ұштары бар сигарларды қоса алғанда), сигареллдер (жiңiшке сигарлар) және темекiден сигареттер мен оның ауыстырғыштары.

3. Трубкамен шегетiн және шегетiн темекi.

4. Сигарет пен сигарларды (сигарилл) өндiруге арналған компоненттер:

- фильтрлi сигареттер;

- қош иiстi;

- желiм;

- сигарет (папирос) қағазы.

5. Қосалқы тауарлар мен сигарет шегуге арналған тетiктер:

- фильтрлер-мундштуктар.

 

Ұн-жарма тартатын өнеркәсiп өнiмi, уыт, крахмал, бидай

маңызы.

 

1. Бидай немесе бидай-қара бидай, күрiш, жүгерi ұндары, сондай-ақ өзге де астық дақылдарының ұны.

2. Жарма және астық түйірлері.

3. Ұн, жарма, мақта және картоп түйірлері.

4. Кептірілген бұршақ көкөністерінен ұн және жарма.

5. Қуырылған немесе қуырылмаған уыт. Крахмал.

6. Мапар өнімі.

 

Астық наны (тұқымдар мен жем азығынан басқа).

 

1. Бидай және бидай-қара бидай қоспасы (меслин).

2. Қара бидай, арпа, сұлы, жүгері, күріш, қарақұмық, тары және өзге де астық тұқымдастар.

Жеуге жарамды жемістер мен жаңғақтар, шырын жемістер және

бақша дақылдарының қабығы мен қыртысы.

 

1. Жас немесе кептірілген, шаңғалағынан аршылған немесе аршылмаған, қабықты немесе қабықсыз кокос, Бразилия жаңғақтары мен кешью.

2. Өзге де жаңғақтар: миндаль, орман жаңғағы, грек жаңғағы, талшын, пісте және өзгелері.

3. Банан.

4. Құрма, інжір, ананас, авокадо, жас немесе кептірілген манго.

5. Жас немесе кептірілген шырын жемістілер.

6. Жас немесе кептірілген жүзім.

7. Қауын, қарбыз және жас папайя.

8. Алма, алмұрт және жас беке.

9. Өрік, шие, қызыл шие, шабдалы (бас шырынсызын қоса алғанда).

10. Өзге де жас жемістер: бүлдірген, таңқурай, қарақат, қарлыған, мүкжидек, қара жидек, қызамық және өзге де жемістер.

11. Тоңазытылған, қант немесе тәттілейтін заттар қосылған жемістер мен жаңғақтар (жас немесе суда немесе буда пісірілген).

12. Шырын жемістілердің қабықтары немесе бақша дақылдарының қабықтары (жас, тоңазытылған, кептірілген немесе тұздықта қысқа мерзімде сақтау үшін сүрлемеленген).

Тамақ қосымшалары.

 

Тамаққа биологиялық актив қосымшалар (нутрицевтиктер).

Электрлі магнитті энергия сәуле шығаруға бағытталған тұрмыс жағдайындағы жұмыс кезінде пайдаланылатын приборлар мен байланыс жүйелері.

Тұрмыстық химия тауарлары:

Аэрозольді таңғыштағы және дезинфекциялайтын құралдары бар

буып-түйілген сабындар.

 

Балаларға арналған тауарлар (ойындар, ойыншықтар, аяқ киім, киім кешек және басқалары).

Парфюмерлі-косметикалық құралдар.

 

Өңдеу, құрылыс материалдары мен бұйымдары, ағаш және ағаш

материалдары.

 

Жылу материалы.

 

Тамақтық сұйықтарды құюға арналған полимерлік ыдыс;

Сумен байланысатын реагенттер, материалдар;

Ішетін суды тазартуға арналған сүзгілер мен тазартқыш, тұрмыстық және өнеркәсіптік қондырғылар;

Мелалитті ыдыс;

Зиянды химиялық заттар.

 

Кеден одағына қатысушы

мемлекеттердiң кеден

аумақтарына санитариялық,

ветеринариялық және

фитосанитариялық бақылауға

жататын тауарларды әкелудiң

тәртібі туралы Ережеге

№ 4.2. қосымша

 

Ветеринариялық бақылауға жататын тауарлардың
Бағдарламалық тізбесі

 

Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік ветеринариялық қадағалауына Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң кеден аумақтарына көлiктiң кез келген түрлерiмен әкелетiн мал шаруашылығы жүктерiнің барлық түрлерi және жөнелтiмдердiң барлық түрлерi жатады.

 

01-Тобы: Жануарлар

 

     _________________________________________________________________

          Код                Позициялардың атаулары

     _________________________________________________________________

     0101                    Тiрi жылқы, есек және қашыр

     0102                    Тiрi iрі қара

     0103                    Тiрi шошқа

     0104                    Тiрi қой мен ешкi

     0105                    Тiрi үй құсы, яғни Gallus domesicus  түрiнiң

                             құстары (үй тауығы), үйрек, қаз, күрке тауық

                             және мысыр тауығы

     0106 00                 Өзге де тiрi жануарлар

     0106 00 100             - үй қояны

     0106 00 200             - көгершiн

     0106 00 900             - өзге де жануарлар

 

02-Тобы: Ет және тамақтық өкпе-бауыр мен

ішек-қарын

     _________________________________________________________________

         Код                  Позициялардың атаулары

     _________________________________________________________________

     0201                   Iрi қараның жас немесе мұздатылған етi

     0202                   Мұздатылған iрi қараның етi

     0203                   Тоңазытылған немесе мұздатылған шошқа етi

     0204                   Тоңазытылған немесе мұздатылған, қой мен

                            ешкiнің жас етi

     0205 00                Тоңазытылған немесе мұздатылған жылқы,

                            есек және қашырдың жас етi

     0206                   Тоңазытылған немесе мұздатылған iрi қара,

                            шошқа, қой, ешкi, жылқы, есек, қашырдың

                            жас iшек-қарны мен өкпе-бауыры

 

     0207                   0105 тауар позициясында аталған тоңазытылған

                            немесе мұздатылған үй құстарының жас етi

                            және тамақтық өкпе-бауыры мен iшек-қарыны

     0208                   Тоңазытылған немесе мұздатылған жас өзге де

                            ет және тамақтық iшек-қарын мен өкпе-бауыр

     0209                   Жас, тоңазытылған, мұздатылған, тұздалған,

                            тұздықтағы, кептiрiлген немесе қақталған қара

                            етiнен бөлiнген шошқа майы және

                            күйдiрiлмеген немесе басқа әдiспен алынбаған

                            үй құстарының майы

     0210                   Тұздалған, тұздықтағы, кептiрiлген немесе

                            қақталған ет және тамақтық iшек-қарын мен

                            өкпе-бауыр

 

03-Тобы: Балық және шаян тәріздестер, ұлу мен
басқа да су омыртқасыздары

 

     _________________________________________________________________

         Код                  Позициялардың атаулары

     _________________________________________________________________

     0301                   Тiрi балық

     0302                   0304 тауар позициясындағы балықтың жон етi

                            мен өзге де балық етiн қоспағанда, жас немесе

                            тоңазытылған балық

     0303                   0304 тауар позициясындағы балықтың жон етi

                            мен өзге де балық етiн қоспағанда,

                            мұздатылған балық

     0304                   Жас, тоңазытылған немесе мұздатылған

                            балықтың жон етi мен өзге де балық етi

                            (тураманы қосқанда)

 

04-Тобы: Сүт өнімі; құс жұмыртқасы;
табиғи бал; басқа жерде аталмаған жануар
текті тамақ өнімдері

     _________________________________________________________________

         Код                  Позициялардың атаулары

     _________________________________________________________________

0401 Сүт және қант немесе басқа да тәттiлейтiн заттарды қоспаған қойыртылған кiлегей

     0403                  Майсу ұйытылған сүт және кiлегей, йогурт,

                           айран және өзге де ферменттелген немесе

                           ашытылған сүт және қант немесе басқа да

                           тәттiлейтiн заттарды қосқан немесе қоспаған,

                           жемiс, жаңғақ немесе какао қосқан немесе

                           қоспаған қош иiстi немесе қош иiссiз

                           қойыртылған немесе қойыртылмаған кiлегей

 

     0404                  Қант немесе басқа да тәттілейтін заттарды

                           қосқан немесе қоспаған қойыртылған немесе

                           қойыртылмаған сүт сарысуы; қант немесе

                           басқа да тәттілейтін заттарды қосқан

                           немесе қоспаған, басқа жерлерде аталмаған

                           сүттің табиғи компонентінің өнімдері

 

     0405                  Сары май және өзге де сүт майлары; сүт пасталары

     0407 00               Шаңғалақтағы, жас, сүрлемеленген немесе

 

                           пісірілген құс жұмыртқасы

 

          05-Тобы: Басқа жерде аталмаған жануар

                  текті өнімдер

 

     _________________________________________________________________

         Код                  Позициялардың атаулары

     _________________________________________________________________

     0502                 Шошқа немесе қабан қылы; щетка бұйымдары

                          өндірісі үшін пайдаланылатын борсықтың

                          қылы немесе өзге де қылдар;

                          олардың қалдықтары

     0502 10 000          - шошқа немесе қабан қылы және осы

                          қылдың қалдықтары

     0503 00 000          Жылқы қылы және оның қалдықтары

     0504 00 000          Тұтас немесе бөлек, жас, тоңазытылған,

                          мұздатылған, тұздалған, тұздықтағы,

                          кептірілген немесе қақталған жануарлар ішегі,

                          қуығы мен қарыны (балықтан басқа)

     0505                 Тазартылған, дезинфекцияланған немесе

                          сақтау үшін өңделген, бірақ одан әрі өңдеуге

                          ұшыратылмаған қауырсыны немесе мамығы

                          бар құстың терілері, қауырсандары мен басқа

                          да бөліктері (ұштары кесілген немесе кесілмеген)

                          және мамығы; қауырсынның және олардың

                          бөліктерінің ұнтағы және қалдықтары

     0506                 Өңделмеген, майы алынған, алғашқы өңдеуге

                          ұшыратылған (нысаны келтірілмеген),

                          қышқылмен өңделген немесе желатинінен

                          айрылған сүйек және мүйізді өзек; осы

                          өнімдердің ұнтағы мен қалдықтары

     0507                 Өңделмеген немесе алғашқы өңдеуге

                          ұшыратылған (нысаны келтірілмеген), піл

                          сүйегі, тасбақа сауыты, кит немесе басқа да

                          теңіз сүт қоректілерінің мұрты, мүйіз, бұғы

                          мүйізі, тұяғы, тырнақ-тырнақшасы, тұмсығы;

                          осы өнімдердің ұнтағы мен қалдықтары

     0510 00              Сұр амбра, құндыз аңқымасы, циветта және

                          жұпарзат; алагүлік; өт, оның ішінде

                          кептірілген өт; фармацевтика өнімдері

                          өндірісінде пайдаланылатын, жас,