Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысы мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/189 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына және 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1295 «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2184 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 218-219-220 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:
2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға, мынадай көлемдерде бекітілсін:
«1) кірістер - 91 576 653 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 52 133923 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 1 308 143 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 6 944 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 38 127 642 мың теңге;
2) шығындар - 88 339 651 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 3 910 410 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 4 820 519 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 910 109 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 1 162 298 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 1 162 298 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге:
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 1 835 706 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 835 706 мың теңге.».
1) тармақшада:
«Бейнеу ауданына» «100» саны «75,4» санымен ауыстырылсын;