2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/77 шешімі
(2013.16.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы № 54-V Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Маңғыстау облысы мәслихатының 2013.27.02. № 9/116 шешімімен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 11/164 шешімімен (бұр.ред.қара); 2013.16.08. № 12/172 шешімімен (2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2013 - 2015 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 95 786 234 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 51 119 421 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 2 507 115 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 15 644 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 42 144 054 мың теңге;
2) шығындар - 92 689 991 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 6 069 487 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 6 892 765 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 823 278 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 1 150 298 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 1 150 298 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге:
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 4 123 541 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 4 123 541 мың теңге.
Маңғыстау облысы мәслихатының 2013.27.02. № 9/116 шешімімен (2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 11/164 шешімімен (бұр.ред.қара); 2013.16.08. № 12/172 шешімімен (2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді