3Е Технология
3Е001 Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес 3А, 3В немесе 3С тармақтары бойынша бақыланатын жабдықтарды немесе материалдарды «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған технология;
1-ескерту: 3Е001 тармақ 3А003 тармағы бақылайтын жабдықтар мен компоненттерді «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған «технологияларды» бақыламайды.
2-ескерту: 3Е001 тармақ b. 3А001.а.3-тен 3А001. а. 12-ге дейінгі тармақтар бойынша бақыланатын, төменде санамаланған екі белгіге ие интегралдық микросхемаларды (ИС) «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған «технологияларды» бақыламайды:
1. 0,5 мкм немесе одан жоғары «технологияны» пайдаланатын; және
2. «Көп қабатты» құрылымдары болмайтын;
Техникалық ескерту:
«Көп қабатты құрылымдар» термині көп дегенде үш металл қабаты немесе үш поликремний қабаты бар аспаптарды қамтымайды;
3Е001
3Е002 Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес, 3Е001 тармағынан басқа, микробақылаулар микросхемаларын, микро ЭЕМ микросхемаларын, секундына 530 млн. немесе одан жоғары теориялық операциялық (Мтопс) «жиынтық теориялық» өнімділігіне («ЖТӨ») және таңдама ұзындығы 32 бит немесе одан жоғары арифметикалық-логикалық құрылғыға ие микробақылаулар микросхемаларын «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған «технологиялар».
Ескерту: 3Е001 тармағы үшін бақылаудан босату туралы 2 ескертудің 3А002 тармағына да қатысы бар.
3Е002
3Е003 «Әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған басқа да «технологиялар»:
а. Вакуумды микроэлектрондық аспаптар;
b. Жоғары жылжымалы электронды транзисторлар секілді гетероқұрылымды жартылай өткізгішті аспаптар, гетероқұрылымды биполярлы транзисторлар, квантты ойықтары бар аспаптар немесе жоғары торлы аспаптар
Ескерту: 3Е003.b. тармағы 31,8 ГГц-дан төмен жиіліктерде жұмыс істейтін жоғары жылжымалы электронды транзисторлар және 31,8 ГГц-дан төмен жиіліктерде жұмыс істейтін гетероқұрылымды биполярлы транзисторлар шығару жөніндегі технологияларды бақыламайды.
с. «Аса өткізгіш электронды аспаптар»;
d. Электронды компоненттерге арналған алмаз пленкалы төсемдер;
е. Изолятор ретінде кремнийдің қос тотығы пайдаланатын интегралды схемаларға арналған «изолятордағы кремний» «төсемдер»;
f. Электрондық компоненттерге арналған кремнийдің карбидінен жасалған төсемдер;
g. 31,8 ГГц немесе одан жоғары жиілікте жұмыс істейтін электровакуумдық шамдар.
3Е003
3Е101 Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес 3А001.а.1 немесе 2., 3А101 немесе 3D101 тармақтарда айқындалған жабдықтарды немесе «ету» «технологиялар»
3Е101
3Е102 Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес 3D001 тармақта бақыланатын «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «әзірлеуге» арналған «технологиялар».
3Е102
3Е201 Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес 3D001.е.2., 3А001.е.3., 3А201, 3А225-тен 3А233-ті қоса алған тармақтарда айқындалған жабдықты «пайдалануға» арналған «технологиялар».
3Е201
4-Санат
Есептеу техникасы
1-ескерту: Телекоммуникацияда немесе «жергілікті есептеу жүйелерінде» қолданылатын компьютерлер, тиісті жабдықтар мен «бағдарламалық қамтамасыз ету» де 5-санаттың 1-бөлімінде (Телекоммуникация) көрсетілген сипаттамаға сәйкестігіне орай талдануы тиіс.
2-ескерту: орталық процессорлардың шиналарды немесе арналарын, «жедел есте ұстау» немесе магнитті дискілердегі жинақтауларды бақылаушыларды тікелей байланыстыратын басқару құрылғылары 5-санаттың 1-бөлімінде қарастырылатын телекоммуникациялық аппаратура ұғымына кірмейді (Телекоммуникациялар).
Ерекше ескерту: Пакеттер коммутациясы үшін арнайы жасалған «бағдарламалық қамтамасыз етудің» бақылау мәртебесін анықтау үшін 5D001 тармақты пайдалану қажет (Телекоммуникациялар).
3-ескерту: Криптография, криптоталдау, ақпаратты көп салалы қорғауды сертификаттау функциясын немесе пайдаланушыларды оқшаулау не электромагниттік сәйкестікті шектеу (ЭМШ) функциясын атқаратын компьютерлер, тиісті жабдықтар мен «бағдарламалық қамтамасыз ету» де 5-санаттың 2-бөлімінде («Ақпаратты қорғау») көрсетілген сипаттамаға сәйкестігіне орай талдануы тиіс.
4А Жүйелер, жабдық және компоненттер
4А001 Төменде аталған ЭЕМ және тиісті жабдықтар, сондай-ақ «электронды жиынтықтар» және олар үшін арнайы жасалған компоненттер;
Ерекше ескерту: сондай-ақ 4А101 қараңыз
а. Арнайы жасалған, мынадай сипаттамаларға ие:
1. Техникалық шарттар бойынша сыртқы ортаның 228 К (-45oС)-тен
төмен немесе 358 К (85oС)-тен жоғары температурада жұмыс істеу үшін жарамды;
Ескерту: 4А001.а.1. тармағы азаматтық автомобильдер мен темір жол локомотивтері үшін арналған компьютерлерге қолданылмайды.
2. Радиациялық-шыдамды, төмендегі талаптардың кез-келгенінен асып түсетін:
а. Сіңірушілік дозасы = 5 х 103 рад (кремний);
b. Доза күшінің төмендеуі = 5 х 106 рад (кремний)/с; немесе
с. Жоғары энергетикалық бөлшектерден төмендеу = 1 х 10-7 қате /бит/ күн;
b. 5-санаттың (Ақпаратты қолдау) 2-бөлігінде көрсетілген шектен тыс сипаттамаларға немесе функциональдық ерекшеліктерге ие.
Ескерту: 4А001.b тармағы пайдаланушы жеке өзі пайдалану мақсатымен алып жүретін компьютерлер мен тиісті жабдықтарға қолданылмайды.
4А003 «Құрастырылмалы компьютер», «электронды құрастырмалар», тиісті жабдық және олар үшін арнайы әзірленген компоненттер
1-ескерту: 4А003 тармаққа мыналар жатады;
а. векторлық процессорлар;
b. матрицалы процессорлар;
с. сигналды өңдейтін цифрлы процессорлар;
d. қисынды процессорлар;
е. «бейне сапасын жақсаруға» арналған жабдықтар;
f. «сигналдарды өңдеуге» арналған жабдықтар.
2-ескерту: 4А003 тармақта баяндалған «цифрлық компьютерлердің» және тиісті жабдықтардың бақылау мәртебесі, егер төмендегідей болған жағдайда, басқа да жабдықтың немесе басқа жүйелердің бақылау мәртебесімен айқындалады:
а. «цифрлық компьютерлер» немесе тиісті жабдықтар басқа жабдықтардың немесе басқа жүйелердің жұмыс істеуі үшін қажет болса;
b. «цифрлық компьютерлер» немесе тиісті жабдықтар басқа жабдықтардың немесе басқа жүйелердің негізгі элементі бола алмаса; және
1-ерекше ескерту:
Функциялары басқа жабдықтың функциональдық қызметімен шектелген басқа жабдықтар үшін арнайы жобаланған «сигналдарды өңдеу» немесе «бейне сапасын жақсару» жабдықтарының бақылау мәртебесі, алғашқысы «негізгі элементінің» белгісімен сәйкес келгеннің өзінде, басқа жабдықтың бақылау мәртебесімен айқындалады,
2-ерекше ескерту:
«Цифрлық компьютерлердің» немесе телекоммуникациялық аппаратураларға арналған тиісті жабдықтың бақылау мәртебесін анықтау үшін 5-санаттың (Телекоммуникациялар) 1-бөлігін қараңыз.
с. «Цифрлық компьютерлерге» және тиісті жабдықтарға арналған «технология» 4Е тармағының әрекетіне түседі.
а. «тоқтамауға төзімділікті» қамтамасыз ету үшін әзірленген немесе модификацияланған;
Ескерту: «Цифрлық компьютерлер» мен тиісті жабдықтар, егер оларда төмендегілердің кез келгені пайдаланылатын болса, 4А003.а тармағының мақсаты үшін «тоқтамауға төзімділікті» қамтамасыз ету үшін әзірленген немесе модификацияланған болып есептелмейді:
1. Жедел жадта сақталатын қатені табу мен түзету алгоритмі;
2. Екі «цифрлық компьютердің» өзара байланысы, егер белсенді орталық процессор істен шықса, күтуші, алайда қадағалаушы орталық процессор жүйенің функциясын жалғастыра алады;
3. Бірінші орталық процессор істен шығып, жүйенің жұмыс істеуін жалғастыру үшін бірінші орталық процессор оның жұмысын өзіне алатындай екінші орталық процессордың басқа жұмысты орындау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін екі орталық процессордың ақпарларды беру арналары арқылы немесе жалпы жадыны қолдану арқылы өзара байланысы; немесе
4. Бірінші орталық процессор істен шыққанда екінші орталық процессор оның жұмысын танып, істен шыққан құрылғының міндеттерін қалпына келтіретіндей «бағдарламалық қамтамасыз ету» арқылы біріктірілген екі орталық процессордың үйлесімділігі.
b. «Жиынтық теориялық өнімділікке» ие («ЖТӨ») 190 000 жоғары Смтоп (секундына миллион теориялық операциялар) «цифрлық компьютерлер»;
с. «Есептеу элементтерін» біріктіру жолымен өнімділікті көтеру үшін біріктірілген құрастырмалардың теориялық өнімділігінің жиынтығы 4А003.b. тармағында көрсетілген шектеуден асатындай етіп арнайы әзірленген немесе модификацияланған «электронды құрастырмалар»;
1-ескерту: 4А003.c. тармағы «электронды құрастырмалармен» байланысты емес түрде қойылған жағдайда, тек қана 4А003.b. тармағында көрсетілгеніндей шектен аспайтын «электрондық құрастырмалар» мен бағдарланатын өзара байланыстарға ғана таралады. Ол 4А003.d. немесе 4А003.е. тармақтары бойынша бақыланатын, құрылымы тек тиісті жабдық ретінде пайдалану үшін жарамды «электрондық құрастыруларға» жарамды емес.
2-ескерту: 4А003.c тармағы ең жоғарғы конфигурациясы 4А003.b. тармағында көрсетілгендей шектен аспайтын өнім немесе өнімдердің тұтас бір тобы үшін арнайы әзірленген «электрондық құрастырмаларды» бақыламайды.
d. Пайдаланылмайды;
е. 3А001.а.5. тармағында көрсетілгеніндей шектен аспайтын аналогті-цифрлық өзгерістерді орындайтын жабдық;
f. Пайдаланылмайды;
g. «Цифрлық компьютерлердің» немесе тиісті жабдықтың сыртқы жалғануын қамтамасыз ету үшін арнайы әзірленген және 1.25 Гбайт/с-тен астам жылдамдықпен мәлімет беруге қол жеткізетін жабдық.
Ескерту: 4А003. тармақ бойынша ішкі қосындыларға арналған жабдық (мысалы, артқы панелдер, шиналар), қосындыларды қамтамасыз етуге арналған пассивті жабдық, «желілік бақылаушылар» немесе «коммуникациялық арналар бақылаушылар» бақыланбайды.
4А004 Төменде аталған ЭЕМ, арнайы әзірленген тиісті жабдық, «электрондық құрастырма» және оларға арналған компоненттер:
а. «Систоликалық матрицалы ЭЕМ»;
b. «Нейрондық ЭЕМ»;
с. «Оптикалық ЭЕМ»;
4А101.а.1. тармақта айтылғандардан басқа, 9А004 тармақ бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттарда немесе тармақ бойынша бақыланатын ракета-зондтарда пайдалану үшін конструкциясы күшейтілген немесе модификацияланған аналогті компьютерлер, «цифрлық компьютерлер» немесе цифрлық дифференциальды талдағыштар.
4А102 9А004 тармақ бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттардың немесе 9А104 тармақ бойынша бақыланатын ракета-зондтар жобасын модельдеу, кейіптеу немесе интеграциялау үшін арнайы әзірленген «гибридті компьютерлер».
Ескерту: Бұл бақылау жабдық 7D103 немесе 9D103 тармақтары бойынша бақыланатын бағдарламалық қамтамасыз етумен қамтылған жағдайда ғана қолданылады.
4В Сынақ, бақылау және өндірістік жабдық
Жоқ.
4С Материалдар
Жоқ.
4В Бағдарламалық қамтамасыз ету
Ескерту: Басқа санаттарда көрсетілген жабдықты «әзірлеу», «өндіру» немесе «пайдалану» үшін «бағдарламалық қамтамасыз етудің» бақылау мәртебесін тиісті санат айқындайды. Берілген санатта осы санаттың жабдығы үшін «бағдарламалық қамтамасыз етудің» бақылау мәртебесі айқындалған.
4D001 а. 4А001-ден 4А004-ке дейінгі немесе 4D тармақтар бойынша бақыланатын жабдықты «әзірлеу», «өндіру» немесе «пайдалану» немесе «бағдарламалық қамтамасыз ету» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету».
b. 4D001.а. тармағы бақылайтын «бағдарламалық қамтамасыз етуден» өзгеше, төменде санамаланғандарды «әзірлеу» немесе «өндіру» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету»:
1. Секундына 28 000 миллион теориялық операциядан асатын (Мtops) «құрамдас теориялық өнімділікке» (ҚТӨ) ие цифрлық ЭЕМ; немесе
2. 4D001.b.1, тармағында белгіленген «ҚТӨ» шоғырлануының шегін арттыру үшін «есептеу элементтерінің» шоғырлану (конфигурациялау) функциясын жақсарту үшін арнайы әзірленген және модификацияланған «электрондық жинама».
4D001
4D002 4Е тармақ бойынша бақыланатын «технологияларды» қолдау үшін арнайы жобаланған немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету».
4D002
4D003 Арнайы «бағдарламалық қамтамасыз ету», мыналар сияқты:
а. «Бастапқы мәтінде» «мәліметтерді көп ағынды өңдеу» жабдығы үшін арнайы әзірленген операциялық жүйелерді «бағдарламалық қамтамасыз ету», «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «әзірлеу» үшін инструментарий және компиляторлар;
b. Пайдаланылмайды;
с. 5-санаттың («Ақпаратты қорғау») 2-бөлігінде көрсетілген шектен асатын сипаттамаға ие немесе функцияны атқаратын «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
Ескерту: 4А001.c тармақ пайдаланушы жеке өзінің пайдалану мақсатына алып жүретін «бағдарламалық қамтамасыз етуге» қолданылмайды.
4D003
4Е Технологиялар
4Е001 4А немесе 4D тармақ бойынша бақыланатын, Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес «әзірлеу», «өндіру» немесе «пайдалану» жабдығы немесе «бағдарламалық қамтамасыз ету» үшін арналған «технологиялар».
b. 4Е001.а. тармағымен бақыланатындардан басқа, төменде көрсетілгендерді «әзірлеу», «өндіру» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «технологиялар»:
1. Секундына 28 000 миллион теориялық операциядан асатын (Мtops) «құрамдас теориялық өнімділікке» (ҚТӨ) ие «цифрлық ЭЕМ-дар»; немесе
2. 4Е001.b.1 тармағында белгіленген, «ҚТӨ» концентрациясының шегін арттыру үшін есептеу элементтері шоғырлануын (конфигурациясын) жақсарту үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «электрондық жинақтамалар».
4Е001
«Теориялық жиынтық өнімділікті» («ТЖӨ») есептеу жөніндегі техникалық ескерту
Осы техникалық ескертуде пайдаланылатын қысқартулар:
«ЕЭ» Есептеу элементі (қарапайым арифметикалық қисынды құрылғы)
ЖҮ Жүзбелі үтір
ТҮ Тіркелген үтір
Т Орындау уақыты
ХОR Жоюшы немесе
ОП Орталық процессор
ТӨ Теориялық өнімділік (бір «ЕЭ»)
«ТЖӨ» Теориялық жиынтық өнімділік (барлық «ЕЭ»-лердің)
R Есептеудің тиімді жылдамдығы
СҰ Сөздің ұзындығы
L Сөз ұзындығын түзету
х Көбейту белгісі
«t» орындау уақыты микросекундпен белгіленеді, ТӨ және ТЖӨ секундына миллион теориялық операциялармен (Смтоп) көрсетіледі, СҰ битпен белгіленеді.
ТЖӨ есептеудің негізгі тәсілі
«ТЖӨ» - бұл секундына миллион теориялық операциялар есептеу өнімділігінің шамасы, есептеу элементтерінің ЕЭ конфигурациясының «ТЖӨ» есептеп шығару кезінде мына үш кезеңді орындау қажет:
1. Әрбір «ЕЭ» үшін тиімді есептеу жылдамдығын анықтау;
2. Бұл жылдамдық (К) үшін сөз ұзындығын (L) түзету керек, нәтижесінде әр «ЕЭ» үшін теориялық өнімділікті (ТӨ) бермек;
3. Егер «ЕЭ» біреуден артық болса, онда ТӨ-ні біріктіру және осы конфигурация үшін ТЖӨ жалпы санын алу керек болады.
Толық баяндалуы төменде көрсетілген.