Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығы
(2013.23.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Есептілік және статистика департаменті (Л.И.Парусимова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Б. Жәмішев |
Қаржы министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 644 бұйрығымен бекітілген
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру
ережесі
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы Ереже бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептіліктің нысандарын, кезеңділігін, мерзімін, жасалу мен беру тәртібін анықтайды, олар мынадай:
республикалық, тиісті мемлекеттік бюджеттердің, мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттердің атқарылуы туралы (бұдан әрі - бюджеттің атқарылуы туралы есеп);
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы;
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түскен түсімдері мен ақша шығыстары жоспарларының атқарылуы туралы;
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен түсімдер және ақшаны жұмсау туралы;
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегі туралы;