Аэровокзалдар кластарын және оларды анықтау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 4 қарашадағы № 862 бұйрығы
(2023.24.04. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-1-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аэровокзал кластары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аэровокзалдар кластарын анықтау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми түрде жариялануын және МОИП орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға көшірмесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдауды;
4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне мемлекеттік тіркеу және осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберілгені туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.