«2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 158-2106 Қаулысы (2014.18.04. берілген толықтырулармен) (күші жойылды)

2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 158-2106 Қаулысы

(2014.18.04. берілген толықтырулармен)

 

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 158-2200 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдік беру жүйесін кеңейту мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2014 жылы жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) қосымшаға сәйкес бекітілсін.

Тиісті қаржылық жылға осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде әлеуметтік-пайдалы бағыты бар және жұмыскерлердің алдын ала кәсіптік дайындығын талап етпейтін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Басқарма) өтінімдер берген ұйымдар мен кәсіпорындар Тізбеге енгізуге жатады.

2. «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдері Басқармамен бірлесіп, 2014 жылы қолайлы жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.

3. Ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылатын жұмыссыздарға еңбекақы төлемі қаланың 2014 жылға арналған бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде ең төменгі еңбекақыдан төмен емес көлемінде нақты орындалған жұмыс көлемі үшін жергілікті бюджет қаражатынан жүргізілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.