«Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттау ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2007 жылғы 12 сәуiрдегi №110 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 бұйрығы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына сәйкес бұйырамын:
1. «Мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттау ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2007 жылғы 12 сәуiрдегi № 110 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 4633 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл, наурыз-сәуір) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына және «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-банына сәйкес, мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби, біліктілік дайындығын және іскерлік қасиеттерін айқындау мақсатында бұйырамын:»;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттауды жүргізу қағидасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде бекітілген заңнамаға сәйкес мемлекеттiк тiркелуiн;
2) белгіленген тәртіппен ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат инистрлігі Заң қызметі департаментіне жарияланғаны туралы ақпараттың ұсынылуын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.