(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2011.18.02 № 407-IV ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Ғылым туралы

(2013.04.07. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «мемлекеттiк-жеке әрiптестiк», «мемлекеттiк-жеке әрiптестiкті» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік-жекешелік әріптестік», «мемлекеттік-жекешелік әріптестікті» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасы ұлттық ғылыми жүйесінің  жұмыс істеуінің және оны дамытудың негізгі қағидаттары мен тетіктерін айқындайды.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу - нәтижесінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін ресми тануды иеленетін рәсім;

2) ғалым - ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын әрі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін жеке адам;

3) ғылым - функциясы табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, болмыс туралы объективті білімді тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу болып табылатын адам қызметінің саласы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.