Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 мамырдағы
№ 477 қаулысымен
бекітілген
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу
ережесi
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2009.02.10. № 1513 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізуді ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2009.02.10. № 1513 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мыналар аккредиттеуге жатады:
республикалық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің одағы (қауымдастығы), шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестік, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық салалық бірлестіктері;
облыстық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілері республикалық бірлестіктерінің филиалдары, облыстық бірлестіктер, шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестіктердің филиалдары, облыстық бірлестіктер;
қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсіпкерлік субъектілері республикалық бірлестіктерінің филиалдары, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктер, шағын кәсіпкерлік жөніндегі бірлестіктердің республикалық филиалдары, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктер.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.