(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

Тауарлар өндіруді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, сондай-ақ орташа өлшемді құн әдісін таңдаған дара кәсіпкерлер қорларды олардың келіп түсуі мен шығып қалуы кезінде салық тіркелімдерінде ескереді, олардың нысанын дара кәсіпкерлер өздері әзірлейді.

Қорлардың ішкі ауыстырылуы арқылы түсуі дара кәсіпкердің табысы болып табылмайды. Қорлардың ішкі ауыстырылуы деп олардың дара кәсіпкер тағайындаған бір материалдық жауапты тұлғадан сол дара кәсіпкер тағайындаған басқа материалдық жауапты тұлғаға ауысуы түсініледі.

Дара кәсіпкердің қорларды сақтауға немесе алыс-беріс шикізаты ретінде беруі салықтық есепке алу мақсаттары үшін қорлардың шығып қалуы болып табылмайды.

Қорларды сақтауға алуды дара кәсіпкер сақтау шартының негізінде немесе егер дара кәсіпкер қорларды алған және осы қорларды берушілердің төлем талаптары шоттарының акцептінен және оларды төлеуден заңды негізде бас тартқан жағдайда, акцептен бас тарту туралы өтініштің негізінде жүзеге асырады. Осындай қорлардың құны дара кәсіпкердің табысы болып табылмайды.

Мыналар:

1) актив ретінде тануды, оның ішінде қорларды басқа жаққа өткізген, өтемсіз берген, өндіріс процесінде, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде және басқа да мақсаттарда пайдаланған, жарғылық капиталға жарна ретінде берген кезде, айырбастаған кезде, түгендеу кезінде кемшіліктер анықталған, мүліктер ұрланған, бұзылған, сақтау мерзімдері өткен, моральдық тұрғыдан тозған және өзге де тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан кезде тануды тоқтату;

2) активті қайта сыныптау, оның ішінде негізгі құралдардың, өзге де активтердің құрамына аудару қорлардың шығып қалуы болып табылады.

 

 

8-тарау. САЛЫҚТЫҚ НЫСАНДАР

 

61-бап. Салықтық нысандар және оларды жасау тәртібі

1. Салықтық нысандар салық есептілігін, салықтық өтінішті және салық тіркелімдерін қамтиды.

2. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық нысандарды қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қазақ және (немесе) орыс тілінде жасайды.

3. Қағаз жеткізгіште жасалған салықтық нысандарға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі қол қоюға, сондай-ақ олар салық төлеушінің (салық агентінің) не оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар өкілінің мөрімен куәландырылуға тиіс.

Салық тіркелімдерін қоспағанда, электрондық жеткізгіште жасалған салықтық нысандар салық төлеушінің (салық агентінің) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуға тиіс.

 

62-бап. Салықтық нысандарды сақтау мерзімі

1. Салықтық нысандар осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде салық төлеушіде (салық агентінде) сақталады.

2. Салық төлеушіні, салық агентін - заңды тұлғаны қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның салықтық нысандарын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.

 

 

§ 1. Салық есептілігі

 

63-бап. Жалпы ережелер

1-тармаққа өзгерістерді қараңыз 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңы (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

1. Салық есептілігі - салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес салық қызметі органдарына табыс етілетін, салық төлеуші туралы, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Салық есептілігі салық төлеуші (салық агенті) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасауға және табыс етуге жататын салық декларацияларын, есептеулерін, оларға қосымшаларды, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша есептілікті, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерді қамтиды. Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын осы Кодекстің 65 - 67-баптарының ережелерін ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді  (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қоспағанда, салық есептілігі мынадай түрлерге бөлінеді:

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) бастапқы есептілік - салық төлеушіні тіркеу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттеме алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2) кезекті есептілік - салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін, сондай-ақ салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi шығып қалған жағдайда - салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі;

3) қосымша есептілік - осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;

4) хабарлама бойынша қосымша есептілік - салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

5) тарату есептілігі - салық төлеуші қызметін тоқтатқан немесе қайта ұйымдастырылған кезде осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, сондай-ақ тіркелу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.

 

64-бап. Салық есептілігін жасау ерекшеліктері

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда салық салудың әртүрлi шарттары белгiленген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер әрбір қызмет түрi бойынша бөлек салық есептілігiн жасайды.

Күнтiзбелiк жыл iшiнде ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтерi үшiн арнаулы салық режимiнен жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауысқан салық төлеушiлер көрсетiлген күнтiзбелiк жылда:

арнаулы салық режимiн;

жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолданған кезеңi үшiн салық есептілігiн жеке-жеке жасайды.

2. Осы Кодексте бөлек салықтық есепке алуды жүргізу қажеттілігі көзделген жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте көзделген тәртіппен салық есептілігін жасайды.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Егер салық төлеуші уәкілетті орган олар үшін әртүрлі салықтық нысандар белгілеген салық төлеушілердің санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші өзі жатқызылған салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген салықтық нысандарды жасауға тиіс.

 

65-бап. Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. 234-ІV ҚР Заңымен  (2012 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысандарын салық төлеушілердің мынадай санаттарының әрқайсысы үшін:

1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары;

2) коммерциялық емес ұйымдар;

3) әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

4) ережелерiнде салық режимiнiң тұрақтылығы тiкелей көзделген, өнiмдi бөлу туралы келісім (келісімшарт) немесе Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;

4-1) мыналарды:

кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдiк балшықтар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратындарды;

осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;

5) өздеріне декларацияны жасау және табыс ету жөніндегі міндет белгіленген, осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетілмеген корпоративтік табыс салығын басқа да төлеушілер үшін жеке-жеке осы декларацияға қосымшалармен қоса бекітеді.

2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысқа енгізілген табыстардың корпоративтік табыс салығын, шегерімге жатқызылған шығыстарды, олардың түзетілімдерін, салық салынатын табысты (залалды), салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды, шеккен залалдарды, салық кезеңі үшін есептелген салық сомасын және салық кезеңі үшін есептелген салық сомасын азайтатын салықтар сомасын декларациялауына арналған.

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсатына орай салық қызметі органдары пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:

1) құн өсімінен түсетін табыстар (залалдар) жөніндегі;

2) күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша табыстар мен шығыстар, міндеттемелерді және талаптарды есептен шығару, оның ішінде кредиторлар мен дебиторлар бойынша есептен шығару жөніндегі;

3) сыйақылар бойынша табыстар мен шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Сыйақылар бойынша шығыстар жөніндегі осы қосымшаның нысаны сыйақы алушылар бойынша белгіленуі мүмкін;

4) өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін өнім берушілер бойынша белгіленуі мүмкін;

5) свопты қоспағанда, туынды қаржы құралдары бойынша табыстар (залалдар) жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны келісімшарт жасаушы агенттер бойынша белгіленуі мүмкін;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыруға байланысты есептен шығарылуға жататын басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі;

7) инвестициялық салық преференциялары жөніндегі;

8) салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз берілген мүлікті, демеушілік көмекті алушылар бойынша белгіленуі мүмкін;

9) амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалатын шығыстар және тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдер жөніндегі;

10) шетелдік көздерден алынатын табыстар жөніндегі, жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген немесе орналасқан компаниялар пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомалары жөніндегі, сондай-ақ төленген шетелдік салық және есепке жатқызылу сомасы жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны осындай табыстар алынған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін;

11) алынған стандартты салық жеңілдіктері бойынша салық міндеттемесін есептеу жөніндегі;

12) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын табыстар жөніндегі ақпаратты;

13) корпоративтік табыс салығы бойынша декларациямен табыстар мен шығыстар туралы есепті салыстыруды;

14) своп бойынша табыстар (залалдар) жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны келісімшарт жасаушы агенттер бойынша белгіленуі мүмкін;

15) мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшылары және (немесе) сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылар бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, салық міндеттемесі туралы;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

16) резиденттің Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде орналасқан тұрақты мекемелері шегерімге жатқызатын, резиденттің басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17) өздерiне қатысты осы Кодекстiң 58-бабында және (немесе) 448-бабының 4-тармағында бөлек есепке алуды жүргiзу көзделген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы, қызмет түрлерi бойынша корпоративтiк табыс салығын есептеу жөніндегі ақпаратты;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

18) корпоративтiк табыс салығын төлеушінің халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептiлiгінде көрсетілуге тиісті мәліметтерді қамтуы мүмкін.

3. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары салық төлеушілердің жекелеген санаттары бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратқа қосымша мынадай:

1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары үшін - құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан алынатын табыстар және провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар жөніндегі;

2) коммерциялық емес ұйымдар үшін:

өтеусіз алынған (берілген) мүлік бойынша табыстар мен шығыстар жөніндегі, кіру жарналары жөніндегі, мүшелік жарналар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз мүлікті берген және алған тұлғалар бойынша, кіру жарналарын, мүшелік жарналарды енгізген және алған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін;

коммерциялық емес ұйымды ұстауға жұмсалатын шығыстар жөніндегі;

іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жұмсалатын шығыстар жөніндегі;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе өнімді бөлу туралы келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін:

Кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар жөніндегі;

таза табысты бөлу және әрбір құрылтайшының, қатысушының үлесін сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған таза табыс жөніндегі;

салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер жөніндегі, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығын жеке есептеу жөніндегі;

салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша салық сомасын есептеу ерекшеліктері жөніндегі;

табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге, барлауға және өңдіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстары жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін;

4) банктер және лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін, сондай-ақ мұндай операцияларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктері шегінде лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалар үшін:

тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша тауарлар өткізуден, жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар жөніндегі;

құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыстар және провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар жөніндегі (осы Кодекстің 106-бабына сәйкес шегерімге құқығы бар тұлғалар үшін);

жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру бойынша жарналар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығының сомасы есеп-қисаптарының мынадай нысандарын:

1) декларация тапсырылғанға дейінгі кезеңде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын;

2) декларация тапсырылғаннан кейінгі кезеңде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын;

3) резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты;

4) резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты бекітеді.

5. Осы баптың 4-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген есеп-қисаптар ағымдағы салық кезеңінде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомасын есептеуге арналған және оны осы Кодексте корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомасын есептеу және төлеу бойынша міндеттеме белгіленген салық төлеушілер табыс етеді.

6. Осы баптың 4-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген есеп-қисаптарды салық агенттері салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланылатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты көрсету үшін табыс етеді.

Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшаның нысанында табыс алушылар бойынша мынадай:

1) төленетін табыс сомасы;

2) төленген табыс сомасы;

3) корпоративтік табыс салығының ставкасы;

4) төлем көзінен ұсталатын салық сомасы;

5) іс жүзінде төленген салық сомасы туралы ақпарат қамтылуы мүмкін.

Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшаның нысанында табыс алушылар бойынша мынадай:

1) салық төлеуші туралы жалпы сәйкестендіру деректері;

2) салық салу объектілері, оның ішінде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектілері туралы;

3) салық ставкасы туралы;

4) халықаралық шарттарды қолдану туралы;

5) Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру кезеңі туралы;

6) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген салық сомасы туралы ақпарат қамтылуы мүмкін.

 

2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 12-бабына сәйкес 66-баптың қолданылуы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды

66-бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

1. Қосылған құн салығы жөніндегі декларация қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының сомасын есептеуіне және:

1) салық салынатын және салық салынбайтын айналым сомасы;

2) салық салынатын импорт сомасы;

3) Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар сатып алу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету сомасы;

4) есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығы сомасы;

5) қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызудың таңдап алынған әдісі және оны қолданудың нәтижелері;

6) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі, оның ішінде салық кезеңінің аяғында асып кетуі;

7) қосылған құн салығы сомасын есептеу туралы ақпаратты көрсетуіне арналған.

Қосылған құн салығы жөніндегі декларация есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуін қайтару жөніндегі талапты қамтуы мүмкін.

Бұл ретте есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының қосылған құн салығына есептелген сомадан асып кетуін қайтару жөніндегі талап қосылған құн салығы бойынша бастапқы, кезекті және (немесе) тарату декларацияларында көрсетілуі мүмкін.

2. Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияға қосымша салық қызметі органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:

1) нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдар;

2) қосылған құн салығынан босатылатын өткізу бойынша айналымдар;

3) резидент еместен сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және осындай резидент емес үшін төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы;

4) салық салынатын айналым мөлшерін және есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету жөніндегі;

5) мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті орган сатып алушылар бойынша жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығаруға арналған құжаттар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.

 

67-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Уәкілетті орган жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын осы декларацияға қосымшалармен бірге бекітеді:

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) салық агенттері болып табылатын салық төлеушілердің мынадай санаттары:

оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;

шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер;

жекеше нотариустар;

адвокаттар;

жеке сот орындаушылары үшін Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары бойынша осы декларацияға қосымшалармен бірге жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;