«Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына өөзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 909 бұйрығы
Азаматтық авиация саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 7058 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде № 251 (26672) 2011 жылғы 10 тамызда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарында:
73-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) рульдеу диспетчерлік пункт, старттық диспетчерлік пункт, мұнара диспетчерлік пункті, шеңбер диспетчерлік пункті, жақындау диспетчерлік пункті, жергілікті диспетчерлік пункт, аудандық диспетчерлік пункт (орталықтың), диспетчер-нұсқаушысы, аға диспетчер, ұшу басшысы үшін үшінші класты қолданыстағы медициналық қорытындысының (сертификатының) болуы.