«Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1556 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 609 Қаулысымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 45-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 60, 861-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларында:
2, 3, 3-1, 4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына (бұдан әрі - БМСК) бекіту тәртібін айқындайды.
3. Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды БМСК ұйымдарына тіркеу - БМСК ұйымдарының БМСК көрсету және азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде оны алу құқықтарын іске асыру бойынша міндеттемелерін тіркеу.