«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 267 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 267 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7977 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 27 желтоқсанда № 852-856 (27927) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Есептелген ресми бағамдардың сандық мәні екі ондық белгіден тұрады.

Егер есептеу кезінде шетел валютасының теңгеге қатысты ресми бағамы бірден кем болса, шетел валютасы номиналының сандық мәні қажетті мәнге дейін ұлғая отырып өзгереді.»;

2-тарау мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Қағидалардың қосымшасында көзделген шетел валютасы айналыста болуын тоқтатқан кезде осы шетел валютасына қатысты бағам белгіленбейді.»;

қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.