Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы
(2023.17.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 442 Жарлығымен күші жойылды
Осы Жарлыққа түсіндірмені қараңыз
Әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруді қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.
ҚР Президентінің 2019.10.09. № 151 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері:
1) өз қызметінде Тұжырымдаманы басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қабылданатын құжаттарының Тұжырымдамамен үйлесуін қамтамасыз етсін.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.