«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1588 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 215-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларының даму үрдісін талдау» деген 2-бөлімде:
«Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Қоршаған ортаны қорғау саласын дамытудың негізгі параметрлерінде»:
мынадай мазмұндағы жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жаңа технологиялар туралы ақпарат таратуда ең жаңа ақпараттық технологияларды (бұдан әрі - АТ) қолдану айрықша өзектілікке ие. Сонымен қатар, АТ қолдану халыққа және бизнеске электронды нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуге, елдің осы саладағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталуы тиіс.