«Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/172-V «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 23/192-V шешімі (күші жойылды)

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/172-V «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 23/192-V шешімі

 

Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 ақпандағы № 141-1 Хатымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына, 3 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/172-V «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2441-нөмірмен тіркелген, 2013 жылғы 25 желтоқсанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 375 559 514 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 15 210 108 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 111 904 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 685 мың теңге;

трансферттер түсімі - 360 235 817 мың теңге;

2) шығындар - 372 537 993 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 4 060 714 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 5 217 512 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 156 798 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 3 000 000 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 3 000 000 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - - 4 039 193 мың теңге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.