2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/172-V шешімі
Осы редакция 2014 жылғы 15 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 270 071 091 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 15 210 108 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 111 904 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 685 мың теңге;
трансферттер түсімі - 254 747 394 мың теңге;
2) шығындар - 267 049 570 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 1 156 798 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 156 798 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 3 000 000 мың теңге;
5) бюджет профициті - 1 178 319 мың теңге;
6) бюджет профицитін пайдалану - - 1 178 319 мың теңге.
2. 2014 жылға жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері:
Созақ ауданы және Шымкент қаласынан басқа аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне 50 пайыз;
Созақ ауданының бюджетіне - 85 пайыз;
Шымкент қаласының бюджетіне - 80 пайыз;
облыстық бюджетке:
Созақ ауданы және Шымкент қаласынан басқа аудандардан (облыстық маңызы бар қалалардан) 50 пайыз;
Созақ ауданынан - 15 пайыз болып белгіленсін.
Шымкент қаласынан - 20 пайыз болып белгіленсін.
3. 2014 жылға облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттерге берілетін субвенциялар мөлшерінің жалпы сомасы 89 418 536 мың теңге болып қарастырылсын, оның ішінде:
| Бәйдібек ауданына | 4 320 549 |
| мың теңге; |
| Қазығұрт ауданына | 5 693 703 |
| мың теңге; |
| Мақтаарал ауданына | 14 608 642 |
| мың теңге; |