«Өкімдер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 573 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 291 Қаулысы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 147 және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 24 бірлескен бұйрығымен және қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 611-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 28-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өкімдердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5585 тіркелген, 2009 жылғы 3 сәуірде № 49 (1472) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың және қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: