«Ауыз сумен жабдықтау объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық Бас дәрігерінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 7 бұйрығы

Ауыз сумен жабдықтау объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық Бас дәрігерінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 7 бұйрығы

 

Ауыз сумен жабдықтау объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық (профилактикалық) іс-шараларды күшейту және олардың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту, сондай-ақ республика тұрғындарының сапалы ауыз суға кепілдендірілген қолжетімдігі мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің облыстар, Астана мен Алматы қалалары, Көліктегі департаменттерінің директорлары жыл сайын наурыз, сәуір және мамыр кезеңінде Қазақстан Республикасы аумағында ауыз сумен жабдықтау және суды бұру объектілерінде мынадай санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастырсын және өткізсін:

1) «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлей отырып, «Ақ бұлақ» бағдарламасының іске асырылуын бақылау және мониторингін қамтамасыз ету;

2) салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталықтарының (бұдан әрі - СӨСҚПО) аумақтық филиалдарымен бірлесіп, ішек инфекцияларының таралуымен, биологиялық және химиялық ластанулардың антропогендік әсерімен байланысты сырқаттанушылықты азайту бойынша халық арасында жұмыс жүргізудің бірлескен жоспарын әзірлеу және бекіту;

3) жыл сайын 10 сәуірден кешіктірмей, жергілікті атқарушы органдарда ауыз сумен жабдықтау және суды бұру объектілерінің жағдайы туралы мәселені қарау;

4) жыл сайын 15 мамырға дейін аумақтық СӨСКДО-мен бірлесіп, су факторымен байланысты ішек ауруларының алдын алу бойынша семинарлар жүргізу, сондай-ақ дәрістер, әңгімелер жүргізе отырып, көрнекілік насихаттауды тарата отырып және т.б. бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар арасында түсіндіру жұмысын жүргізу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.