Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 536 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 842 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидалары бекітілсін.
2. Кадрлық қамтамасыз ету департаменті (Е.Б. Құлтаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген тәртіппен мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Е. Алдоңғаров) Қағида мәтінін Министрлік ғимаратында баршаға көрінетіндей жерлерде орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Комитет төрағалары, Министрліктің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, облыстар, Астана және Алматы қалалары департаменттерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары, әскери бөлімдер командирлері осы бұйрықты қызметкерлердің назарына жеткізсін және оның орындалуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы С.Қ. Оқасовқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | В. Божко |
Төтенше жағдайлар министрінің
2013 жылғы 26 қарашадағы
№ 536 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының
қағидалары