Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы № 415 Қаулысы
(2012.27.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бағалы қағаздар рыногының айқындылық дәрежесін және оның қызмет етуінің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін мынадай нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР ҚҚА Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 8 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.27.07. № 224 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) Агенттік Басқармасының «Кастодианның есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 155 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2941 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы № 164 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3706 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
көрсетілген қаулымен бекітілген Кастодианның есеп беру ережесінде:
5-ескертуде «16-бағанда мәміленің бағасын шетел валютасында көрсету қажет.»деген сөздер алынып тасталсын;