«Статистикалық көрсеткіштердің статистикалық жіктеуішін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 23 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 30 қазандағы № 149 Бұйрығы

«Статистикалық көрсеткіштердің статистикалық жіктеуішін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 23 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 30 қазандағы № 149 Бұйрығы

 

Статистикалық көрсеткіштердің статистикалық жіктеуішін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2011 жылғы 14 маусымдағы № 163 бұйрығымен бекітілген Статистикалық жіктеуіштерді, номенклатуралар мен анықтамалықтарды әзірлеу және жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың 31-тармағының 2) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереженің 20-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Статистикалық көрсеткіштердің статистикалық жіктеуішін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 23 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Статистикалық көрсеткіштердің статистикалық жіктеуіші осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Жіктелімдер және ақпараттық технологиялар департаменті:

1) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.

2) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ішкі интернет-ресурсында орналастырсын.

3. «Әкімшілік көрсеткіштер жіктеуішін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 9 қаңтардағы № 2 бұйрығының күші жойылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.