«Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында V қысқы Универсиаданы, Қазақстан Республикасының мектеп және колледж оқушыларының VII жазғы Спартакиадасын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 18 бұйрығы

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында V қысқы Универсиаданы, Қазақстан Республикасының мектеп және колледж оқушыларының VII жазғы Спартакиадасын өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 18 бұйрығы

 

Білім алушы жастардың денсаулығын нығайтуға арналған дене шынықтыру және спорт жүйесін дамыту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) мыналар:

осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы V қысқы Универсиаданың (бұдан әрі - Универсиада);

осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының мектеп және колледж оқушыларының VII жазғы Спартакиадасының (бұдан әрі - Спартакиада) ұйымдастыру комитетінің құрамдары;

2) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Универсиаданың бас төрешілер алқасының, мандаттық комиссиясының және апелляциялық қазылар алқасының құрамдары;

3) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Спартакиаданың бас төрешілер алқасының, мандаттық комиссиясының және апелляциялық қазылар алқасының құрамдары;

4) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Универсиаданың бағдарламасы;

5) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес Спартакиаданың бағдарламасы бекітілсін.

2. Универсиада мен Спартакиада кезең-кезеңімен өткізілсін:

1) Универсиада:

бірінші кезең - жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы бұқаралық жарыстар (2014 жылғы қаңтар-ақпан);

екінші кезең - жоғары оқу орындарының құрама командалары арасындағы республикалық жарыстар (2014 жылғы наурыз).

2) Спартакиада:

бірінші кезең - мектепішілік, аудандық жарыстар (2014 жылғы наурыз);

екінші кезең - облыстық және қалалық жарыстар (2014 жылғы наурыз - ақпан);

үшінші кезең - республикалық жарыстар (2014 жылғы ақпан - маусым);

3. «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (М.Н. Қошаев):

1) Универсиада және Спартакиада туралы ережелерді бекітсін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.