Төтенше жағдай кезінде қосымша шаралар мен уақытша шектеулер қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 35 Қаулысы
(2023.03.01. берілген өзгерістермен)
«Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдай кезінде қосымша шаралар мен уақытша шектеулер қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 28 қаңтардағы
№ 35 қаулысымен
бекітілген
Төтенше жағдай кезінде қосымша шаралар мен уақытша шектеулер қолдану
қағидалары
ҚР Үкіметінің 2022.20.12. № 1040 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 3 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Төтенше жағдай кезінде қосымша шаралар мен уақытша шектеулер қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде төтенше жағдай енгізілген жағдайда, қосымша шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2022.20.12. № 1040 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 3 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген мән-жайлар орын алған кезде жергілікті жерде төтенше жағдай енгізілген жағдайда, мынадай қосымша шаралар мен уақытша шектеулер:
1) коменданттық сағат енгізу;
2) баспа басылымдарының міндетті даналары мен радио және телебағдарламалар материалдарын сұратып алу арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауды жүзеге асыру;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.