«Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 қаулысына өзгеріс енгізу және «Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшылары мен жаттықтырушыларын Паралимпиялық ойындардағы жоғары спорттық нәтижелері үшін материалдық ынталандырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 167 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 53 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының құрама командаларының спортшыларын мемлекеттік қолдау және ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 57, 553-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар бекітілсін:
1) спортшыларға халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудің (бір рет) мөлшері теңгеге баламалы мөлшерде:
Олимпиада ойындарында:
алтын медаль үшін - 250000 АҚШ доллары;
күміс медаль үшін - 150000 АҚШ доллары;
қола медаль үшін - 75000 АҚШ доллары;
4-орын үшін - 30000 АҚШ доллары;
5-орын үшін - 10000 АҚШ доллары;
6-орын үшін - 5000 АҚШ доллары;
Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарда:
алтын медаль үшін - 50000 АҚШ доллары;
күміс медаль үшін - 35000 АҚШ доллары;
қола медаль үшін - 25000 АҚШ доллары;
4-орын үшін - 14000 АҚШ доллары;
5-орын үшін - 6000 АҚШ доллары;
6-орын үшін - 4000 АҚШ доллары;
әлем чемпионаттарында (олимпиадалық спорт түрлерінен):
алтын медаль үшін - 15000 АҚШ доллары;
күміс медаль үшін - 7000 АҚШ доллары;