Халықтың нысаналы топтарын және 2014 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 158-85 Қаулысы
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 158-202 Қаулысымен күші жойылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5, 7-баптарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар белгіленсін:
1) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
2) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;
3) елу жасқа толған тұлғалар;
4) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
6) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жалақысы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстағы тұлғалар;
7) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
8) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған тұлғалар бар азаматтар;
10) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған тұлғалар;
11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
12) мүгедектер;
13) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар (бала асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар);
14) оралмандар;
15) орта арнайы және орта кәсіптік оқу орындарының түлектері;
16) табысы аз адамдар;
17) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар.
2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма):